Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ сұрақ-жауап.

Сәлеметсіз бе! Мен келесі жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетінін оқыдым, алайда, менің білуімше, қазірдің өзінде кейбір мамандықтар бойынша еңбек етіп жүрген қызметкерлер үшін қосымша 5% төленеді. Бұл туралы толығырақ айтып берсеңіз

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) - агент (жұмыс беруші) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын өз жұмыскерлерінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) өз қаражаты есебінен аударатын ақша. Кәсіптер мен лауазымдардың, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген. МКЗЖ мөлшері жұмыскердің табысының 5% құрайды.

Егер жұмыс беруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде арнаулы салық режимі қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъект болмаса, МКЗЖ ұлттық валютамен табысытөленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді. Мемлекеттік кіріс органдары МКЗЖ аударылуын бақылайды және егер жұмыс беруші қаражатты қызметкердің шотына уақытылы аудармаған жағдайда, жұмыс берушіден қаражат өндіріп алынады, олар мерзімі өткен әрбір күн үшін есептелген өсімпұлмен БЖЗҚ-дағы шотына аударылады.

Дата публикации
09 сентября 2022
Дата обновления
09 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы