🔸 Жерлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемі
1. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері немесе жерлеуді жүзеге асырған адам қажетті құжаттар топтамасымен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне жүгінеді
2. Зейнетақы төлемдері алушыларға БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
🔹Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру
1. Мұрагер мұраны алу үшін нотариусқа немесе басқа уәкілетті адамға өтініш береді. Өтініш мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде берілуі тиіс.
2. Нотариус мұраға құқық туралы куәландыратын құжат береді.
3. Мұрагер қажетті құжаттар пакетімен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне жүгінеді. Құжаттарды пошта байланысы немесе үшінші тұлға арқылы да беруге болады. Айта кету керек, құжаттар тізімі оларды беру әдісіне байланысты. Толық ақпарат сайтта орналастырылған enpf.kz қызметтер бөлімінде.
4. Зейнетақы төлемдері алушыларға қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.