Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 17 – тармағы 1-тармақшасына сәйкес, проактивті көрсетілетін қызмет-электрондық нысанда көрсетілетін, қызметтер көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған, қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет. Композиттік қызмет" бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырылатын, яғни бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі
|
1 |
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті мен оның аумақтық органдары мұрағаттарының шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру |
|
3 |
Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою |
|
4 |
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу |
|
5 |
Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару |
|
6 |
Кандас мәртебесін тағайындау немесе ұзарту |
|
7 |
Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
|
8 |
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу |
|
9 |
Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу |
|
10 |
Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою |
|
11 |
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау |
|
12 |
Жинақтаушы зейнетақы |
|
13 |
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау |
|
14 |
Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау |
|
15 |
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау |
|
16 |
Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау |
|
17 |
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау |
|
18 |
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу |
|
19 |
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау жүргізу |
|
20 |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу |
|
21 |
Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру |
|
22 |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру |
|
23 |
Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау |
|
24 |
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау |
|
25 |
Мүгедектік бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау |
|
26 |
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру |
|
27 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру |
|
28 |
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер беру |
|
29 |
Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі |
|
30 |
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау |
Проактивті мемлекеттік қызметтердің тізбесі
|
1 |
Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау |
|
2 |
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға (асырап алушыға), қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау |
|
3 |
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау |
|
4 |
Көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау |
|
5 |
Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау |
|
6 |
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі |
|
7 |
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау |
|
8 |
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау |
|
9 |
Жұмыс қабілеті жоқ бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау |
|
10 |
Асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы тағайындау |
|
11 |
Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау |
|
12 |
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлем тағайындау |
|
13 |
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау |
|
14 |
Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою |
|
15 |
Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
|
16 |
Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
|
17 |
Мүгедектерді техникалық - көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
|
18 |
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
|
19 |
Мүгедектерді есту қабілеті бойынша ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – жылына алпыс сағат |
|
20 |
Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
|
21 |
Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
|
22 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру |