Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ. Сұрақ-жауап.

Кейбір зейнетақы қызметтерін жеке басты куәландыратын құжатсыз алуға болатыны рас па?

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз де алуға болады. Ол үшін смартфондағы еGov Mobile қосымшасында төл құжаттың цифрлық (электрондық) нұсқасы болуы жетіп жатыр.

Мұндай мүмкіндік тек Қазақстан Республикасының азаматтарына, әрі салымшы БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзікелгенде ғана беріледі.

Бұл ретте келесі қызметтерді алуға болады:

* жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;

* қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;

* зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау).

Мысалы, қолында жеке куәлігінің түп нұсқасы жоқ салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне  келіп, БЖЗҚ өкіліне eGovMobile мобильді  қосымшасындағы Жеке кабинете  қалыптастырылатын бірегей цифрлық кодты хабарлап, БЖЗҚ қызметкеріне осы құжатты электрондық формата қарауға рұқсат бере алады.

Егер тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты жарамсыз немесе мерзімі таусылса, онда eGovMobile мобильдік қосымшасында құжаттың электрондық нұсқасы болмайды.

 

Дата публикации
17 февраля 2022
Дата обновления
17 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы