Меню

Страницы

Статья

Қарғалы ауданының 2020 жылғы 2 қарашаға қарай нақтыланған Азаматтық бюджеті

Қарғалы ауданының

2020 жылғы 2 қарашаға  қарай нақтыланған  Азаматтық бюджеті

 

­

Аудан әкімі – Жүсібалиев Асқар Қазиханұлы, осы лауазымды 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап атқарады. Қарғалы ауданы (Ленин) 1966 жылдың 1 қаңтарында құрылды және 1997 жылдың 17 маусымында атауы өзгертілді. Аудан аумағы - 4999 ш. шақырымды құрайды.  2020 жылдың 1 қазанға  қарағанда аудан тұрғындарының саны – 16911 адам, бұл облыс тұрғындарының 2,2 пайызын құрайды.

Әлеуметтік-экономикалық саясаттың мақсаты–аудан дамуының жаңа бағытын іске асыруды бастау, пайда алу және тиімділік, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру қағидаттарына негізделген өнімді, бәсекеге қабілетті экономика үшін негіз құру (Қарғалы ауданының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму Болжамынан).

 

Аудан 8 селолық округке бөлінген:

Бадамша – 1 селолық елді-мекен;

Әлімбет – 1 селолық елді-мекен;

Ащылысай – 4 селолық елді-мек ен;

Велихов – 2 селолық елді-мекен;

Желтау – 2 селолық елді-мекен;

Кемпірсай – 2  селолық елді-мекен;

Қос-Естек – 1  селолық елді-мекен;

Степной – 2 селолық елді-мекен

 

 

 

**

 

 

Жалпы ұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақытылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн; Өзекті әлеуметтік-экономикалық даму және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін қарастыра отырып, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің жұмысын жандандыру. Кірістерді неғұрлым әділ бөлуге назар аудара отырып, салық жүйесін жаңғырту; Индустриялық-инновациялық дамудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде: Еңбек өнімділігінің нақты өсуін кемінде 1,7 есе ұлғайту; қазақстандық өңделген өнімді экспорттаушылардың мүдделерін қолдау мен қорғаудың тиімді құралдарын енгізу; салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыруды қоса алғанда, жоғары өнімді орта бизнесті қолдау бойынша шараларды айқындау.

 

Қысқаша мазмұны

1-2 бет. Аудан туралы қысқаша мағлұмат. Негізгі міндеттердің жетістігі туралы есеп: әкімшілікпен аудандық бюджетті орындау кезінде қол жеткізілген негізгі міндеттері шолынған.

3-4 бет. Аудан қаржысы – кіріс және шығыс бөліктері. Бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері туралы ақпарат көрсетілген.

5 бет. Аудан дамуының келешектері. Алдағы кезеңге аудан дамуының келешектері және негізгі жоспарлары.

 

на предстоящий период.

 

АЕК – бұл Қазақстан Республикасында зейнетақы, жәрдемақы және басқа төлемдерді есептеу үшін, сонымен қатар айыппұл санкциясын қолдану үшін, салық және басқа төлемдерді есептеуде қолданылатын көрсеткіш (Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңымен жыл сайын белгіленеді).

Ең төменгі күнкөріс – құн шамасы бойынша ең төменгі тұтыну себетіне тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс.

Ең төменгі еңбек ақы – жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығында және қалыпты жағдайда еңбек нормаларын (еңбек міндеттемелері)  орындаған жағдайда қарапайым білікті емес (күрделі емес) еңбек жұмысшысына берілетін ең төменгі кепілдікті ақшалай төлем.

 

Негізгі экономикалық көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

2019

2020

Айлық есептік көрсеткіш, теңге

2525

2778

Ең төменгі еңбек ақы, теңге

42500

42500

Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге

29698

32668

Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге

36108

38636

Орташа еңбек ақы, теңге

90447

145631

Ерлердің орташа еңбек ақысы, теңге

 

 

Әйелдердің орташа еңбек ақысы, теңге

 

 

Тұрғындар саны, мың адам

16991

16911

Жұмыссыздық деңгейі, %

4,6

4,7

1000 адамға туу деңгейі

11,8

10,9

 

 

Негізгі міндеттемелерге қол жеткізу туралы есеп

 

Көрсеткіш

2019ж.

2020ж.

жоспар

нақты

жоспар

Орта білім

ҰБТ орташа балы

 

77,03

77,03

Мектептердің жалпы саны (күндізгі жалпы білім беретін мектептердің саны), бірлік

 

13

13

Жалпы мектептердің санынан, апатты жағдайдағы мектептердің үлесі, %

 

7,7

0,0

Спорт залы бар мектептердің үлесі, %

 

100

100

Жалпы мектептердің санынан, ақпаратты жолдаудың кепілді жылдамдығы бар қажетті желілік ресурстарымен қамтылған мектептер санының үлесі, %

 

-

-

Теңгерімді және ыстық тамақпен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі, %

 

-

-

Білім беру ұйымдарында балалардың мектепке дейінгі оқытумен және  тәрбиелеумен қамтылуы,%

 

82,7

89,7

Білім беру ұйымдарында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепалды даярлықпен қамту, %

 

100

100

Жалпы балабақша санынан, жеке мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарының үлесі, %

 

-

-

Балабақша саны, бірлік

 

10

10

Бүгінгі күні, балалардың мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтылуы 88,6 пайызды құрайды.

 

 

            Денсаулық сақтау

Көрсеткіш

2019ж.

2020ж.

Ана өлімінің деңгейі (100,0 мың тірі туылғандарға шаққанда)

0,0

0,0

Бала өлімінің деңгейі (1000  тірі туылғандарға шаққанда )

0

10,3

1000 адамға шаққанда өлім деңгейі

9,0/156

7,9/136

 

 

 

Аудан бойынша 2020 жылы бойынша ана өлімі болған жоқ.

 

 

Әлеуметтік сала

 

2020 жылдың ішінде 669 жаңа жұмыс орындары ашуға жоспарлануда. Жастар практикасына 50 адам.

         

Көрсеткіш

2019ж.

2020ж.

жоспар

нақты

жоспар

Жаңа ашылған жұмыс орындарының саны, адам

540

669

665

Жастар практикасына жолданды, адам

42

56

50

 

 

Қарғалы ауданының қаржысы

 

Аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексіне, «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №473 шешімі «2020 – 2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» және облыс әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы №498 «2020 – 2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихат шешімін іске асыру туралы» қаулысы негізінде қалыптастырылған. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25  желтоқсандағы № 396 «2020 - 2022 жылдарға арналған ауданның бюджеті туралы» шешімімен бекітілді.

2020 жылғы 2 қарашадағы №506 «Қарғалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 396 «Қарғалы ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне және Қарғалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қарашадағы №235 «Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №233 қаулысына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» қаулысына нақтылаулар енгізілді.

2020-2022 жылдарға аудандық бюджеттің негізгі параметрлері

                                                                                                                                                              мың теңге

Атауы

2019

жылға нақтыланған бюджет

2020 жылғы 2 қарашаға қарай нақтылған бюджет

2021 жылға болжам

2022 жылға болжам

Кірістер, оның ішінде

4 154 761,0

5 912 200,7

3 729 664

3 813 026

Салықтық түсімдер

516 822

587 591

552 610

557 260

Салықтық емес түсімдер

9 485

10 099

110 054

152 766

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсідер

9 700

5 000

3 000

3 000

Трансферттердің түсімдеріоның ішінде

3 618 754

5 309 510,7

3 064 000

3 100 000

Шығындар

4 237 369,0

6 517 692,7

3 729 664

3 813 026

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

321 016

712 782,7

205 109

206 704

Қорғаныс

15 516

18 709

18 562

19 067

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

500

2 550

1 000

1 000

Бiлiм беру

1 858 499

2 580 044,8

1 943 593

2 057 162

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

485 452

552 167

373 738

389 577

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

531 917

884 905,2

376 563

307 792

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

301 432

293 079

214 096

221 189

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

78 889

43 756,4

82 955

83 723

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

14 981

13 117

13 058

13 126

Көлiк және коммуникация

31 574

640 249,2

27 589

35 895

Басқалар

236 222

218 691

13 000

16 000

Қарыздарды өтеу

84

93

176

182

Трансферттер

361 287

557 548,4

460 225

464 609

 

 

Қарғалы ауданының жергілікті бюджетінің жеке меншікті кірісі - мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлемінің 10 %,  облыстық бюджеттен субвенция есебінен  52 %, трансферттер түсуі есебінен сәйкесінше 38 %  құрайды. 

Жергілікті бюджеттің негізгі табыс көздері: жеке табыс салығы (38 %), әлеуметтік салық (30 %) және мүлік салығы (26 %).

 

 

 

 

2020 жылға жалпы шығын көлемінің ең көп үлесі - білім саласына жоспарланған шығындар – 40 %, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына  шығындар – 14 %, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 11 %,  трансферттер- 8 %,  содан кейін  жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет – 10 % құрайды және т.б.

 

             2020 жылға арналған аудандық бюджет шығыстарының структурасы

Қарғалы ауданының даму келешегі

 

 

 

·   Қайта өңдеу өнеркәсібінің өсуі  2020 жылға дейін 101,0 пайыз. 

·   2020 жылда мал шаруашылығының жалпы өнімін – 103,3 %.

·   2020 жылы балалар өлім деңгейінің төмендеуі – 1000 тірі туылғанға 7,8 бала.

·   2020 жылда бiлiм ұйымдарындағы мектепке дейін тәлiм-тәрбиемен  балаларды қамту - 100% болады.

·    2020 жылда АЕМ тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықталуы – 76,5 % құрайды.

·   2020 жылға қарай жұмыс істейтін үш ауысымды мектептердің саны – 0.

·   Тұрақты жұмыс орындарын құру – 560.

 

 

 

Қарғалы ауданының даму бағдарламасының мақсатты индикаторлары

 

 

 

 

2020 жылға ауданның дамуына нақтыланған  бюджет – 754 082,0 млн.теңгені құрайды, оның ішінде: республикалық бюджеттен берілетін трансферттер – 397 596,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер –135 068,0 млн.теңге,   жергілікті  бюджеттен берілетін қаражат – 221 418,0  млн. теңге. 

                                                                                                млн. теңге

Атауы

2020 жылға жоспар

Барлығы, оның ішінде:

754082,0

 

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Бадамша ауылында  150 орындық өнер мектебін салу

1000,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Жосалы ауылындағы «Жосалы орта мектеп-балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесін газдандыру

11 217,0

«Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылында          5-қабатты 60-пәтерлік жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй салу» (аббаттандыру мен сыртқы инженерлік желілерсіз)

325 020,0

«Ақтөбе облысы  Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы      5–қабатты жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй салу» бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама өткізу

1 344,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Петропавл ауылындағы      6 жалдамалы –коммуналдық тұрғын үй салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге

1 445,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы         5 екі пәтерлік жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер құрылысына ЖСҚ әзірлеу

1 250,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы       5-қабатты 60-пәтерлік жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй салу (аббаттандыру мен сыртқы инженерлік желілерсіз)

55 153,0

«Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылында          5-қабатты және 2-қабатты жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлерге инженерлік желілер құрылысы» бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама өткізу

784,0

Қарғалы ауданы  Бадамша ауылындағы Пацаев, Әбілқайыр- хан, Әйтеке-би көшелерінің нөсерлік желілерін салу бойынша ЖСҚ әзірлеу

2 479,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Петропавл ауылындағы      3 екіпәтерлік жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлерге инженерлік желілер салуға ЖСҚ әзірлеу

450,0

Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы Әбілқайыр-хан, Үкібаев көшелері бойынша жылу желілерін қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеу

656,0

Қарғалы ауданы Бадамша  ауылындағы Әйтеке-би көшесі бойынша жылу желілерін қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеу

520,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылында Г.Карюк, М.Цибульчик, Абай тұйық, Әбілқайыр-хан, Қазақстан 25 жыл, Қазақстан, Первомайский тұйық көшесі, Степная, Квартальная, Әйтеке-би, Жамбыл, Жангелдин, Байтурсын, Кунаев көшелері бойынша сумен жабдықтау жүйелерін қайта  жаңарту

57 411,0

Ғимаратын Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Әлімбет ауылындағы әкімшілік салу

32 398,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қос-Естек ауылындағы әкімшілік ғимаратын салу

34 318,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы, Бадамша ауылындағы  №1 және 3 көтерілімдегі  сорғы станцияларының сумен жабдықтау резервуарының құрылысы» бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларына ведомстводан  тыс кешенді сараптама өткізу

1 200,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Петропавл ауылындағы әкімшілік ғимаратын салу

31 644,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Жосалы ауылынындағы әкімшілік ғимарат құрылысына арналған жсқ-ға түзету енгізу

1 500,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы Г.Карюк, Ә.Жангельдин, К.Сәтпаев, Д.Қонаев, М.Цибульчик және Есет батыр көшелерін жарықтандыру құрылысы «жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу»

376,0

Қарғалы ауданы Петропавл ауылына жарықтандыру салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге

1 235,0

Қарғалы ауданы Ш.Қалдаяқов ауылына жарықтандыру салу бойынша ЖСҚ әзірлеу

1 235,0

Қарғалы ауданы Қос-Естек ауылына жарықтандыру бойынша ЖСҚ әзірлеу

929,0

Қарғалы ауданы Қос-Естек ауылының Ш.Балниязов, Бірлік және Абай көшелерін  жарықтандыру           

493,0

Қарғалы ауданы Қос-Естек ауылындағы Ш.Балниязов, Д.Шампиев, Абай және Бірлік көшелерін жарықтандыру

26 721,0

Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы Абай, Имашева, Геолог көшелері бойынша жарықтандыру құрылысына ЖСҚ әзірлеу

484,0

 Қарғалы ауданы Қос-Естек ауылындағы Қонаев, Шампиев көшелері бойынша жарықтандыру құрылысына ЖСҚ әзірлеу

472,0

Ақтөбе облысы Әлімбет ауылындағы Қазақстан көшесін жарықтандыру

4 042,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы «Бадамша атты-спорттық мектебінің құрылысы»

1000,0

Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы Желтоқсан, Геолог көшелеріндегі ауылішілік жолдарын салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге   

479,0

«Қарғалы ауданы Бадамша ауылының Желтоқсан және Геолог ауылішілік көшелерін салу    

76 046,0

Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы Первомай, Квартальный, Иманов, Қазақстанның 25 жылдығы, Жұмабаев, Уәлиханов, Сейфуллин көшелеріндегі ауылішілік жолдарың құрылысына ЖСҚ әзірлеу

520,0

Қарғалы ауданы Қос-Естек ауылындағы Молдағулова, Әуезов көшелері бойынша ауылішілік жолдардың құрылысына ЖСҚ әзірлеу     

440,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Бадамша ауылындағы Әбілқайыр-хан, Әйтеке-би, Пацаев көшелері бойынша

 72 576,0

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Бадамша ауылындағы Әбілқайыр-хан, Әйтеке-би, Пацаев көшелері бойынша жарығын салу

7 245,0

Дата публикации
24 декабря 2020
Дата обновления
24 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы