Меню

Страницы

Статья

Қарғалы ауданының 2020 жылғы 9 айдағы әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері туралы талдау

Ауыл  шаруашылығы саласының 2020 жылғы 9 айдағы  жалпы өнімі 22 млрд. 082,9млн. теңге немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда  106,5%-ға артық орындалды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндіру – 107,9 пайызға, сүт өндіру – 101,7 пайызға, жұмыртқа өндіру – 101,7 пайызға өсті.

Ірі қара  мал басының саны – 103,8 пайызға, қой мен ешкі басының саны – 106,6 пайызға, жылқы басының саны – 104,8 пайызға, шошқа басының саны – 101,4 пайызға, құс басы – 101,8 пайызға өскен.

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйекайында 1 млрд. 840,0 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,0% орындалды.

кен өндіру – 531,8 млн. теңге (90,7%)

өңдеу өнеркәсібі 1021,6 млн теңге (98,5%);

 электр және газ 247,4 млн теңге (112,1%);

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және таратылуын бақылау 39,2 млн теңге (100,2%).

Кен өндіру саласындағы өндіріс көлемінің төмендеу себебі –пандемия індетіне байланысты«Тас Арман Актобе» ЖШС мен «Тас Қарғалы» ЖШС –нің өндіріс көлемі азайып кеткен.

Қайта өңдеу саласындағы өндіріс көлемінің төмендеу себебі – қайта өңдеу  кәсіпорындарында («Степной ЖШС»,) ұн, кебек және («Кеңдала Тас» АӨК) күнбағыс майын өндіру көлеміазайған.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі7 млрд. 309,5 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңіне шаққанда  153,6% артық орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі – 5 млрд. 456,9 млн.  теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда –106,2 пайызға  артық орындалды.

Тұрғын үй пайдалануға беру бойынша 2020 жылдың  қаңтар-қыркүйек айында 9128ш/м тұрғын үй пайдалануға енгізіледі, өткен жылдың сәйкес кезеңіне шаққанда – 105,5% артық орындалды.

Бөлшек сауда көлемі – 951,4 млн. теңге, физикалық көлемінің индексі – 100,1%  артық орындалды.

Кәсіпкерлік салада – тіркелген шағын және орта бизнес субъектілердің  саны – 1161 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,8% артық. Оның ішінде жұмыс жасайтын субъектілер саны 1075 бірлік, тіркелген субъектілер санынан 92,6 %.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында жаңадан 615жұмыс орны ашылады. Өткен жылға салыстырғанда – 104,8 пайыз орындалды.

Аудандық бюджетке болжанған440,0 млн. теңгенің орнына жалпы соммасы 596,9 млн. теңге түсті немесе болжам 136% орындалды.

Бюджет шығысының орындалуы – 4896,5 млн. теңге, жоспарланғаны, 4862,9 млн. теңге немесе 99,3% орындалды.

Дата публикации
12 ноября 2020
Дата обновления
12 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы