« Қарғалы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізілімі
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1. |
Жекешелендіру объектілерін сату тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы ҚР 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген. Аталған қаулының 91 тармағына сәйкес, жекешелендіру объектiсiн беру, сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қабылдап алу-беру актiсi бойынша жүргiзiледi. Рәсімді жеңілдету мақсатында коммуналдық мүліктерді қабылдау-тапсыру актілерін рәсімдеу және қол қою процесін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында автоматтандыру қажет ететіндігі туралы облыстық қаржы басқармасына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсыныс беру. |
Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу |
Ұсыным жөнінде Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына хат жолданды |
|
2025 жылдың 1 қараша айына дейін |
|
2. |
Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну Қағидаларының 82-тармағында «Тиісті жоспарлары кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы талдау және оларды келесі жоспарлары кезеңге арналған бюджеттік өтінімге ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың соммаларымен салыстыру арқылы өткен қаржы жылындағы республикалық және тиісті жергілікті бюджеттің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша қаражатының игерілмеуіне әкеліп соқтырған себептерді талдау ескеріледі делінген. |
Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу |
Ұсыным жөнінде Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына |
|
2025 жылдың 1 қараша айына дейін |