Меню

Страницы

Статья

Қаражатыңызды қайтарып алуға асығыңыз!

                  Қаражатыңызды қайтарып алуға асығыңыз!

Егер сіз Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге пайдаланған болсаңыз және сол сомаға ЖТС (жеке табыс салығы) ұсталса – сіз үшін маңызды жаңалық бар! Егер сіз әлеуметтік осал санатқа жататын болсаңыз, ұсталған ЖТС қайтаруға құқығыңыз бар. Ең бастысы – өтініш беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды! (бұрын 3 жыл болатын – көп адам үлгермей қалған) Кімдер салықты қайтара алады? Егер сіз төмендегі санаттардың біріне кірсеңіз:

  • 1, 2 немесе 3 топтағы мүгедектігі бар адам
  • Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана, қорғаншы немесе қамқоршы •Асырап алушы – Соғыс ардагері (толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген) Салықты қалай қайтаруға болады?
  • Жақын жердегі БЖЗҚ филиалына барыңыз;
  • Өтініш толтырыңыз;
  • Құжаттарыңызды өткізіңіз;
  • Егер салық бұрын ұсталған болса, ЖТС жеке зейнетақы шотыңызға қайтарылады. Ал егер салық кейінге қалдырылған болса, оны төлеудің қажеті болмайды.

Мерзімі – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді.

Толығырақ – enpf.kz сайтында.

 

 

 

Дата публикации
25 августа 2025
Дата обновления
25 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы