Меню

Страницы

Статья

Еңбек кітапшасы кімдерге қажет?

                    Еңбек кітапшасы кімдерге қажет?

Бүгінде еңбек кітапшасы қажет пе? Зейнетақыны есептеу үшін еңбек өтілін кім және қалай растауы тиіс? Зейнет жасына жақындаған азаматтар үшін еңбек кітапшасының қажеттілігі туралы сұрақ өзекті болып қала бермек. Қазіргі таңда еңбек өтілі электронды форматта тіркеледі, алайда кейбір жағдайларда қағаз құжаттар да маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес, еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады. Егер еңбек кітапшасы болмаса немесе онда қажетті жазбалар жоқ болса, еңбек өтілі жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттармен немесе сот шешімімен белгіленеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек қызметін растау ретінде міндетті зейнетақы жарналарының тұрақты аударымдарын көрсететін жеке зейнетақы шотынан алынған үзінді де қабылданады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда еңбек қызметінің электрондық есебі енгізілді. Еңбек шарттарының жасалуы мен бұзылуы туралы барлық мәліметтер Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне автоматты түрде түседі. Еңбек кітапшасын сақтау қажет пе? Жоғарыда айтылғандай, еңбек кітапшасы базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілін растауға қажет болуы мүмкін.

 

 

Дата публикации
04 августа 2025
Дата обновления
04 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы