Меню

Страницы

Статья

“Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске асырылған 12 ай ішінде БЖЗҚ жас отандастарымызға 6,30 миллион АҚШ долларын аударды

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша “Ұлттық қор - балаларға” бағдарламасы іске қосылған 12 ай ішінде “БЖЗҚ” АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) шамамен 6,30 млн АҚШ долларына 62 697 өтініш орындады

Оның ішінде:  Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында – 3,63 млн астам АҚШ долларына 36 119 өтініш.

 Білім алу ақысын төлеу үшін – шамамен 2,67 млн АҚШ долларына 26 578 өтініш орындалды. Нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша қаржы мынадай мақсатта пайдаланылды:

 ✅ Тұрғын үй құрылыс жинақтарындағы салымды толықтыру – шамамен 3,53 млн АҚШ долларына 35 113 өтініш

✅Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – шамамен 30,27 мың АҚШ долларына 304 өтініш ✅Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – шамамен 29,60 мың АҚШ долларына 295 өтініш  Білім алу ақысын төлеу бойынша қаржы мынадай мақсатта пайдаланылды: 📌Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу – 2,25 млн АҚШ долларына 22 435 өтініш

📌 Білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру – 314,86 мыңға жуық АҚШ долларына 3 133 өтініш

📌 Шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу – 88,47 мың АҚШ долларына 880 өтініш.

Естеріңізге сала кетейік, биыл еліміздің азаматы болып есептелетін барлық балаларға екінші рет Қазақстан Ұлттық қорынан қаражат есептелді. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша “Ұлттық қор - балаларға” бағдарламасына қатысушылар саны – 6 921 035 бала. Оның ішінде 2025 жылы 18 жасқа толатындар – 324 430 қатысушы. 2024 жылы барлық балаларға бірдей сома есептеліп, оның бір балаға шаққандағы мөлшері – 129 АҚШ доллары 38 цент.

Нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың саны, сондай-ақ, нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі статистикамен

🔹enpf.kz сайтында танысуға болады.

🔹 kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты You tube-арнамыздан көре аласыз.

Дата публикации
20 февраля 2025
Дата обновления
20 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы