«Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемелекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы Қарғалы аудандық «Бадамша-Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына директордың бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Лауазымдық міндеттері:
Қолданыстағызаңнамағасәйкес кәсіпорынның өндірістік-шаруашылықжәнеқаржы-экономикалыққызметінебасшылық жасайды, қабылданғаншешімдердіңсалдары, кәсіпорынмүлкініңсақталуыментиімдіпайдаланылуы,сондай-ақ оныңқызметініңқаржылық-шаруашылықнәтижелері үшін барлықжауапкершіліктіөз мойнына алады.
Лауазымдық жалақысы: қызмет өткерген жылдарына байланысты:
347 600 теңге.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
2.1. Директор басшылар санатына жатады, "Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ бұйрығымен қабылданады және жұмыстан шығарылады.
2.2. Директор лауазымына жоғары кәсіптік білімі және сала кәсіпорнының тиісті бейінінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.
2.3. Директор «Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары бөлімі» ММ атынан құрылтайшыға есеп береді.
2.4. Директор өз қызметінің ерекшелігі бойынша білуі керек:
- кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, экономиканы және тиісті саланы дамытудың басым бағыттарын айқындайтын федералды, аймақтық және жергілікті мемлекеттік билік және басқару органдарының қаулылары;
- кәсіпорын қызметіне қатысты басқа органдардың әдістемелік және нормативтік материалдары;
- кәсіпорын құрылымының профилі, мамандануы және ерекшеліктері;
- сала мен кәсіпорынның техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары;
- кәсіпорынның өндірістік қуаттары мен кадрлық ресурстары;
- кәсіпорын өнімдерін өндіру технологиясы;
- салық және экологиялық заңнама;
- кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-шаруашылық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібі;
- кәсіпорынды басқару мен басқарудың нарықтық әдістері;
- кәсіпорынға нарықтағы өз орнын айқындауға және жаңа өткізу нарықтарына шығу бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік беретін экономикалық индикаторлар жүйесі;
- шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібі;
- нарық конъюнктурасы;
-өндірістің тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибе;
- кәсіпорынның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;
- - салалық тарифтік келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі;
- еңбек заңнамасы;
- еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі;
Қазақстан Республикасының заңдарын:
«Мемлекеттік мүлік туралы»;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»;
«Мемлекеттік сатып алулар туралы».
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі (қосымшаларымен);
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелінген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурска қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жариялымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.
Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі 38 (әкімшілік ғимараты, 1 қабат, 111 кабинет) мекенжайы бойынша қабылданады («Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары бөлімі» ММ).
Толық ақпаратты 8 (713 42) 22-7-11 телефоны бойынша алуға болады.