Меню

Страницы

Статья

Алаяқтық жүзеге асуда!

 📞 Соңғы уақытта алаяқтардың БЖЗҚ қызметкерлері кейіпінде азаматтарға қоңырау шалып, алаңдатарлық жаңалықтарды хабарлау жағдайлары жиілеп кетті. Мысалы, олар азаматтың жарналарды төлемейтіндігі анықталғанан кейін оның шотының бұғатталатындығына сендіріп бағады. Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін "жеке қызмет көрсетуге кезекті онлайн түрінде брондауды" ұсынады. ❓ Бұл қалай іске асады? 📲 Қоңырау шалу кезінде алаяқтар кезекке онлайн тапсырыс беруді ұсынады және 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына код жібергенін хабарлайды. Содан кейін олар брондау үрдісін аяқтау үшін осы кодты айтуды сұрайды. ⚠ Жәбірленуші осы кодты айтқаннан кейін оның банктік шоттарындағы ақшасы жоғалып кетуі мүмкін! 🔍 Білу маңызды: БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайды! Сондықтан бөгде адамдарға ешқандай кодты хабарламаңыз және бейтаныс сілтемелерге өтпей сақ болыңыз. 🛡 Өзіңізді қалай қорғай аласыз? ❌ Ешқашан кодтар мен құпия сөздерді айтпаңыз. ✔ Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз. 📞 Егер күдікті біреу БЖЗҚ атынан мазаласа, байланысты дереу үзіп, Қормен тікелей хабарласыңыз! 📢 Жақындарыңыз хабардар және қауіпсіз болуы үшін осы ақпаратпен бөлісіңіз!

Дата публикации
21 октября 2024
Дата обновления
21 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы