Меню

Страницы

Статья

Зейнетке шығуға қалай дайындалуға болады?

Зейнетке шығуды жоспарлау – бұл болашағыңызға деген қамқорлық қана емес, ол қаржылық жағдайды жақсарту үшін бүгіннен бастап белсенді жұмыс істеу дегенді білдіреді. Сіздің өміріңіздің әр кезеңінде нені ескеру маңызды екенін қарастырайық.

🔸 20 жас: Жолға шығу • Басты қағидаларды түсіну. Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейтінін, зейнетақыны кім және қалай қалыптастыратынын, БЖЗҚ салымшылары үшін қандай мүмкіндіктер бар екенін біліңіз. • Жинақ қажет. Зейнетақы қорына аз болса да, тұрақты түскен жарналар арқылы едәуір зейнетақы капиталын жинауға болады.

🔸 30 жас: Жоспар құру • Қаржылық жоспарыңызды бағалаңыз. Ағымдағы жинақтарыңызды талдаңыз. Зейнетақы жинақтары сіздің ұзақ мерзімді мақсаттарыңызға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. • Мақсаттарды анықтаңыз. Зейнетақы қаражатын қалай пайдаланатыныңызды қарастырыңыз — үй сатып алу, сақтандыру компаниясына аудару немесе қартайған шақта ай сайынғы төлемдерді алу үшін жинау.

🔸 40 жас: Стратегияны оңтайландыру • Стратегияңызды тексеріңіз. Зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелерін зерттеңіз. Бақарушылардың кірістілік көрсеткіштерін басқа инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) нәтижелерімен салыстырыңыз. Қажет болса, кірісті жақсарту және қаржылық мақсаттарыңызға сәйкес болу үшін ИПБ-ны ауыстыруды қарастырыңыз. • Қосымша табыс көздері туралы ойланыңыз. Зейнетақы жинақтарын көбейту үшін қосымша табыс мүмкіндіктерін ойластырыңыз.

🔸 50 жас: Зейнетке шығуға дайындық • Жинақтарыңызды тексеріңіз. Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз қалаған деңгейге жақындағанына көз жеткізіңіз. Олай болмаса, жарналарды көбейту жолдарын қарастырыңыз. Ерікті зейнетақы жарналарын аудару туралы ойланыңыз. • Зейнетақы мүмкіндіктерін бағалаңыз. Зейнетке шыққан кезде сіз үшін қолжетімді болатын зейнетақы жүйесінің барлық мүмкіндіктерін зерттеңіз.

🔸 60 және одан жоғары: Соңғы мәре • Қорытынды жоспарлау. Зейнетке шығуға дайындалыңыз, төлемдерді рәсімдеу үшін қажетті құжаттарды нақтылаңыз. • Бюджетті есептеңіз. Зейнетақы жинақтарыңыз қажетті шығындарды жабатынына көз жеткізіңіз. Ай сайынғы төлемдер сомасын есептеу үшін enpf.kz сайтындағы зейнетақы калькуляторын пайдалана аласыз.

Дата публикации
26 сентября 2024
Дата обновления
26 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы