Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан міндетті жарналар (МЗЖ, МКЗЖ) есебінен кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алу үшін мынадай жәйттарды ескеру қажет: 🔸Ерлер: зейнетке шығу құқығы 63 жаста. 🔸Әйелдер: зейнетке шығу құқығы 61 жаста (2028 жылға дейін). 🔸 Бірінші немесе екінші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар адамдар да төлем алуға құқылы. 🔸Төлемдер ай сайын кесте бойынша жүзеге асырылады. 📍Қайда жүгіну керек? 🔹 егер сіз зейнет жасына жеткен болсаңыз, онда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО-ға) жүгіну қажет 🔹 егер сізде мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік болса, БЖЗҚ-ның кез- келген бөлімшесіне жүгіне аласыз немесе www.enpf.kz сайтындағы және БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы Жеке кабинет арқылы онлайн түрде өтініш бере аласыз.