Меню

Страницы

Статья

Оңтүстік Кореяның зейнетақы жүйесі

2024 жылғы 3-5 қыркүйек аралығында Корея Ұлттық зейнетақы қызметінің делегациясы "БЖЗҚ"АҚ кеңсесінде болды. Екі елдің зейнетақы жүйелері, сын-тегеуріндер мен оларды шешудің ықтимал жолдары, сондай-ақ, ынтымақтастық келешегі талқыланды. Кореяның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қысқаша шолу жасайық. Оңтүстік Корея өзінің зейнетақы жүйесін екі негізгі министрлік арқылы басқарады: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі, сондай-ақ, Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі. Әлеуметтік қамсыздандыру түрлері: 1⃣ Ұлттық зейнетақы: жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қамтиды. Жарналар қызметкер мен жұмыс беруші арасында тең бөлініп, кірістің 9% құрайды (әрқайсысы 4,5%). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 9% жарнаны өздері төлейді. Бұл келесі төлемдерді қамтамасыз етеді: 🔸 Зейнет жасына толуға байланысты зейнетақы 🔸Мүгедектік бойынша зейнетақы 🔸Асыраушысынан айрылу бойынша зейнетақы 🔸Біржолғы өтемақы төлемдері 2⃣ Медициналық сақтандыру: кірістің 7,09% мөлшерлемесі. Келесіні қамтиды: 🔹 Медициналық жәрдемақылар 🔹 Жүктілік және босану бойынша жәрдемақылар 3⃣ Жұмыспен қамтуды сақтандыру: жарналар кірістің 1,8% құрайды. Келесіні қамтиды: 🔸 Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы 🔸 Қайта даярлау және жұмыс табуға көмектесу 4⃣ Жазатайым оқиғалардан сақтандыру: кірістің 1,47% мөлшерлемесі. Келесіні қамтамасыз етеді: 🔹 Мүгедектік және асыраушысынан айрылу бойынша зейнетақы 🔹 Жерлеуге арналған біржолғы гранттар мен төлемдер Зейнетақы жүйесінің құрылымы: 1⃣ Базалық зейнетақы (0 деңгей): 64 жастан асқан азаматтардың шамамен 70% алып, мемлекеттік бюджет есебінен белгіленген қаражат негізінде төленеді. 2⃣ Ұлттық зейнетақы (1 деңгей): 18 жастан 59 жасқа дейінгі барлық тұрғындарды қамтиды. Кем дегенде 10 жыл төленуі тиіс жарналар мен жұмыс істеген жылдар негізінде төленеді. 3⃣ Корпоративтік және жеке зейнетақы (2 және 3 деңгейлер): корпоративтік зейнетақы кіріске, ал жеке зейнетақы — жинақ сомасы мен ерікті жарналарға тәуелді. 4⃣ Арнайы кәсіптік зейнетақы: мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге және ерекше есептеу шарттары бар мұғалімдерге арналған.

Дата публикации
10 сентября 2024
Дата обновления
10 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы