Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кім шеше/пайдалана алады?

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге кім пайдалана алады: 

  1. Бұл МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтары ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын салымшылар. 
  2. Жиынтық зейнетақысы кемінде 40% деңгейінде жоғалған табыстың орнын толтыруды қамтамасыз ететін зейнеткерлер жинақтарының 50%-на дейін пайдалана алады. Егер сіз зейнеткер болсаңыз, пайдалануға болатын сома мөлшерін Жеке кабинетіңізден көре аласыз. 
  3. Бұл сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар. 

Қаражатты толық шешіп алу/пайдалану мүмкіндігі мына жағдайларда қарастырылған: 

  1. Зейнет жасына толуына байланысты немесе 1 және 2-топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты төлемдерді алу кезінде зейнетақы жинақтарының мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінің 12 еселенген мөлшерінен аспаса. 2024 жылы 694 236 теңгені құрайды. 
  2. Салымшы немесе алушы тұрақты тұруға шетелге кеткен болса; 
  3. Салымшы қайтыс болып оның зейнетақы жинақтары мұрагерге өтсе; 
  4. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап – еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер баспанаға және емделуге; 
  5. Өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан қазақстандықтар баспана мен емделуге. 

Басқа жағдайларда зейнетақы жинақтарын толық шешіп алу немесе жартылай пайдалану мүмкіндігі заңмен қарастырылмаған.

Дата публикации
13 июля 2024
Дата обновления
13 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы