Енді қызмет алушыларға нотариалды куәландырылған шартты ұсыну міндетті емес. Мемлекеттік корпорация қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады. Бұл процесс заңды тұлғаларға да қолжетімді. Олар шартқа eGov business қосымшасы арқылы қол қояды.
⚡️Жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін және көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында енгізілді. Мемлекеттік корпорацияның, ҚР ІІМ және «ҰАТ» АҚ ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуының нәтижесінде автокөлікті қайта ресімдеу процесі ашық болады. Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес.