Қызметті қалай алуға болады
"Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту"
онлайн ("электрондық лицензиялау" порталында www.elicense.kz):
1. Жүйеге кіру немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
2. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту немесе қызметтің қажетті кіші түрін таңдап, "Келесі"батырмасы бойынша өту қажет.
3. Қажетті деректерді көрсетіңіз, өтініш толтырыңыз және ЭЦҚ-ға қол қойыңыз.
4. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте "Менің өтініштерім"бөлімінде бақылауға болады. Рұқсат алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарлама алу туралы "Менің хабарламаларым"бөлімінен біле аласыз.