Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ. Сұрақ-жауап.

Мен 42 жастамын. Зейнетақы жинағымның бір бөлігін емделуге алғым келеді. Жаңа жылдан бастап мен үшін жеткіліктілік шегі қалай өзгереді және ол немен байланысты?

ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емдеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін пайдалануға құқылы.

Зейнетақы жинақтарын азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары сомасының қолжетімді шегінде тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға шектеусіз рет пайдалана алады.

Ең төменгі жеткіліктілік шектерінің мөлшері жыл сайын қайта қаралады. Өйткені, оларды есептеу кезінде жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. 

2023 жылға ең төменгі жалақы 70 000 теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды деп көзделген. Шектерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштер көтерілді. Тиісінше, шектер де өзгертілді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың қандай болатыны туралы ақпарат БАҚ-та, сондай-ақ, Қордың enpf.kz сайтында орналастырылған.

Осы көрсеткіштерге сәйкес, 2023 жылы Сіз үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі 6 440 000 теңгені құрайды. Осы сомадан жоғары қаражатты емделу үшін пайдалануға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңындазейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі-ай сайынғы зейнетақыны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері»деп айқындалған.

Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі-бұл салымшының зейнетке шыққаннан кейін ең төменгі зейнетақыдан кем емес төлемдер алуы үшін шотта қалуға тиісті ең төменгі сома (бұл ретте зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасында базалық төлем де ескеріледі).

Дата публикации
26 января 2023
Дата обновления
26 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы