Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін «Бадамша аймақтауды, көлік пен инженерлік коммуникациялар жүйесін, көгалдандыруды, абаттандыруды және т.б. қамтитын бас жоспарды түзету» құжаттары (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті.

Бас жобалаушы: «Проектно-исследовательский институт «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Қарғалы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Жалелова Н.О.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз: 

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2039 ж. (шамамен). 

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2024 ж. 17 шілдеден бастап, 2024 ж.  31 шілдеге дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні –  2024 ж.  31 шілде.)

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 701-847-2853;  8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail: r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz   

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

- e-mail: r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz.

СЭБ бойынша  материалдар:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Тапсырыс берушінің сайтында.

Дата публикации
15 ноября 2024