Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының   14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының                                               4) тармақшасына,  3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  • Қарғалы ауданының № 2 сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
  • Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  • Осы қаулы сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Қарғалы» газетінде орналастырылсын.
Дата публикации
31 января 2024