Хабарландыру. Байқау: Бадамша ауылында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау.

«Бадамшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2024 жылғы 19 қаңтарда сағат 10.00-де өтетін "Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы  28 желтоқсандағы № 508 бұйрығына сәйкес «Бадамшы ауылдық округі әкімінің аппараты» ғимаратында 2-кабинет конкурс өтетінін хабарлайды .

  1. № 1 Лот. Бадамша ауылында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау.

Өтінімдерді қабылдау: "Бадамшы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ,                   2-кабинет.

         Өтінімдерді қабылдаудың басталуы: 2023 жылғы 26 желтоқсан сағат 09.00.

         Өтінімді қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 19 қаңтар сағат 09.30.

 

Талаптар:

- контейнерлерді жуу және дезинфекциялау айына 2 рет жүргізілуі тиіс;

- ҚТҚ шығару Орындаушының мамандандырылған автокөлігінде қалдықтарды орналастыру және кәдеге жарату бойынша арнайы бөлінген орындарға жүзеге асырылуы тиіс;

- ҚТҚ шығару Тапсырыс берушінің талабы бойынша аптасына 4 (төрт) ретке дейін жүргізіледі;

- ҚТҚ-ны қосымша әкету қажеттілігі туындаған кезде Орындаушы оны Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз жүзеге асыруға тиіс;

- Орындаушы Тапсырыс берушіге ҚТҚ әкетілетін Тапсырыс берушінің аумағына кіру/шығу үшін автокөлік тізімін ұсынады.

- Халықтан төлем факті бойынша ай сайын жүргізіледі.

Жеткізушіде: ҚТҚ шығаруға арналған арнайы техника (қоқыс таситын көліктер) болуы тиіс.

Дата публикации
25 декабря 2023