Қарғалы ауданы әкімінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 4 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарғалы ауданының әкімі ШЕШТІМ:
Қарғалы ауданы әкімінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 4 «Сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5631 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
«Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; осы шешімді Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Жусібалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарғалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы