Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 02 желтоқсандағы № 234 «2023 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2023 жылғы «14» шілде № 104

Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 02 желтоқсандағы № 234 «2023 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 02 желтоқсандағы № 234 «2023 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №174773 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1.Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакция жазылсын:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

  1. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Аудан әкімі                                                                                           А.Жүсібалиев

Қаулы
Дата публикации
14 июля 2023