Мамырайында БЖЗҚ сайтындағыжекекабинетімде меніңеріктізейнетақышотыма ҚДКБҚ-дан белгілібір соманыңтүскенінкөрдім. Осыны түсіндіріп жібере аласыз ба?
БиылмамырайындаҚазақстанныңдепозиттергекепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «ҚазақстанРеспубликасыныңекіншідеңгейдегібанктеріндеорналастырылғандепозиттергеміндеттікепілдік беру туралы»ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңынасәйкес,мәжбүрлептаратылған және (немесе) депозиттергеміндеттікепілдік беру жүйесінеқатысушы, барлық банктік операциялар жүргізу лицензиясынан айырылған8 банктің(«Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ мен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ) салымшыларынакепілдік берілген өтеуі талап етілмеген соманыБЖЗҚ-ға аударды. Бұл қаражат БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін қолданыстағы немесе жаңадан ашылған жеке зейнетақы шоттарына есептелді.
Бәлкім, Сіз аталған банктердің бірінің салымшысы болған шығарсыз, мұндай жағдайда ЕЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасы басқа зейнетақы активтері сияқты тәртіппен инвестицияланатын болады.