ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерінің жолын кесу, жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарымен және азаматтық қоғам институттарымен үйлестіру және тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында құрамына прокуратура, Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі және Қарғалы ауданы Кәсіпкерлер Палатасы филиалының өкілдері кіретін Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ құрылды.
Егер Сіз мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске кедергі келтіруді заңсыз тексеру туралы білсеңіз, онда сіз бізбен байланыса аласыз.
Біздің міндетіміз кәсіпкерлік субъектілерінің олардың құқықтарын бұзу және заңды қызметке кедергі жасау туралы сигналдарына жедел ден қою.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты әкімшілік кедергілерді жою және өңірде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың нөмірлері:
Қарғалы ауданының прокуратурасы Атамекен ӨКП
+7-71342-22-1-06 +7-747-509-74-98
+7-707-800-09-32
Қарғалы ауданының прокуратурасы