Қарғалы ауданының 2022 жылғы 12 айдағы әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері

Ауыл  шаруашылығы саласының 2022 жылғы 12 айдағы  жалпы өнімі 47 млрд. 572,8млн. теңге немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда  123,4%-ға орындалды.
Аудан бойынша өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал басының  саны 104,0%-ға, қой  мен ешкі басы –102,5%-ға, жылқы басының  саны 104,9%- ға,  шошқа басы 109,3 %-ға, құс саны 101,6%-ға  өсті.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанайында 6 млрд. 841,4млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,2% орындалды.
Кен өндіру өнеркәсібі – 990,3 млн. теңге (116,1%);
Өңдеу өнеркәсібі – 2016,6 млн теңге (105,4%);
Электр және газ 3766,1 млн теңге (96,0%);
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және таратылуын бақылау 68,4 млн. теңге (102,2%).
Негізгі капиталғасалынғанинвестиция көлемі  38 млрд. 270,1 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда109,1%  орындалды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі – 12 млрд. 681,1 млн.  теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда –106,6 пайызға орындалды.
Тұрғын үй пайдалануға беру бойынша 2022 жылдың  қаңтар-желтоқсан айында 18744ш/м тұрғын үй пайдалануға енгізілді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне шаққанда – 103,5% артық орындалды.
Бөлшек сауда көлемі –2644,1млн. теңге, физикалық көлемінің индексі – 106,9% орындалды.
Кәсіпкерлік салада – тіркелген шағын және орта бизнес субъектілердің  саны –1297 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100%. Оның ішінде жұмыс жасайтын субъектілер саны 1236, бірлік, тіркелген субъектілер санынан 95,3 %.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында жаңадан 1795 жұмыс орны ашылды. Өткен жылға салыстырғанда – 210,7 пайыз  артық орындалды.
Аудандық бюджетке болжанған887,0 млн. теңге,нақты түскені1 млрд. 152,9 млн. теңге немесе болжам 130,0 пайызға артық орындалды.
Бюджет шығысының орындалуы – 5 млрд. 761,6 млн. теңге, жоспарланғаны 5 млрд. 776,4 млн. теңге немесе 99,7% орындалды.

Дата публикации
27 января 2023