Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулердің екінші топтамасы
Әр адам өмір бойы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тұтынушы, ел экономикасында қалыптасқан құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде әрекет етеді.
Тұтынушы мемлекеттің ерекше назарын қажет етеді, өйткені ол кәсіпкерден айырмашылығы ретінде нарықтың кәсіби қатысушысы емес және әлеуметтік, әкімшілік және құқықтық қолдаусыз өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды толық көлемде қамтамасыз ете алмайды.
Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруы тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттырумен тығыз байланысты. Кәсіпкерлікті дамыту тұтынушылардың қорғалуына да байланысты. Өз құқықтарына сенімді тұтынушылар ғана тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге белсенді сұранысты қамтамасыз етеді, бұл, өз кезегінде, дамыған экономика кепілдіктерінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Жосықсыз кәсіпкерлер өздерінің тұтынушыға қатысты заңсыз іс-әрекеттерімен немесе мінез-құлқымен көбінесе оның құқықтарын бұзса да, тауарларды иелену, көрсетілетін қызметтерді алу кезінде құқықтары бұзылған тұтынушылардың жалпы санынан барлығы кәсіпкерлерге талаптарымен немесе оларға шағымдарымен жүгінбейді. Әдетте, тұтынушы өзін-өзі қорғауды сирек қолданады, өйткені бұл олардың құқықтары туралы жеткілікті білім деңгейінің болмауына байланысты. Оның үстіне, тұтынушы азаматтық құқықтық қатынастардың тең құқықты тарапы болып табылатындықтан, бұзушылық фактілерін дәлелдеу ауыртпалығы оған жүктеледі, бұл тұтынушының өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға деген пассивті қатынасына әкеп соқтырады, өйткені ол өз есебінен сараптама (тексеру) жүргізуге, сот шығыстарын, заң консультанттарының, адвокаттардың қызметтерін төлеуге және өз жұмысы мен жеке істерінен алаңдауға тура келеді.
Осыған байланысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туралы шешім қабылдады.
Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары:
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсман институтын заңнамалық бекіту есебінен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін институционалдық күшейту;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау алгоритмін оңтайландыру және нақты регламенттеу;
- тұтынушылық дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу тетігін күшейту есебінен соттарға келіп түсетін талаптарды қысқарту, бірақ сонымен бірге осындай тетікті нақтылау есебінен тұтынушылардың құқықтарын сот арқылы қорғаудың конституциялық мүмкіндігін сөзсіз іске асыру;
- кәсіпкерлік субъектілері көрсететін қызметтердің барлық салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды заңнамалық реттеу құрылатын базалық қағидаттарды белгілеу;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тұтас, тиімді және халық үшін түсінікті жүйесін қалыптастыру;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық тәжірибе негізінде заңды өзектендіру;
- халықтың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру;
- тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда олардың құқықтық сауаттылығын және тұтынушылық белсенділігін барлық жерде арттыру;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау процесіне тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері арқылы азаматтық қоғамды неғұрлым белсенді тарту.
Бұл заңнамалық новеллалар тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз етеді және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым сапалы деңгейге шығарады