«2022-2024 жылдарға арналған Қарғалы аудандық бюджетін бекіту туралы» шешімі туралы»
ПРЕСС РЕЛИЗ
Қарғалы ауданының «Бадамша ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылға арналған жергілікті бюджеттің нақтыланған бюджеті 137516,8 мың теңгені құрайды.
Қарғалы ауданы «Бадамша ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылға нақтыланған бюджет шығыстары бөлінген 137516,8 мың теңгені құрайды.
Аудандық бюджеттен 2022 жылдың қыркүйек айына берілген ағымдағы трансферттерді келесідей мақсаттарға:
«Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша ауылдық әкімдіктің жаңа ғимаратына қызмет көрсету үшін - 1300,0 мың теңге, ғимаратқа ЖСҚ жасау үшін және оны экспертизадан өткізу үшін – 1300,0 мың теңге, салық жинауға хабарлама жіберу үшін арнайы смс хабарлама базасын алу үшін және оған қызмет көрсетуге – 4499,0. «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қызметкерлер жалақысы мен жарналарына 112,0 мың текңге. «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша: көшелерді жарықтандыру тарифының өсуіне орай – 1059,0 мың теңге. «Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша Әтеке би көшесі 30/1 коммуналық тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу үшін 5 300,0 мың теңге.ҚАЙТАРЫЛҒАНЫ: Пацаев көшесінің жарығын тексеру үшін 100,0 мың теңге; Жәрмеңке алаңын салу үшін 1170,3 мың теңге.