Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші өтемақы алуға құқылы

ҚР-ның 10.01.2018 жылғы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңының (бұданәрі-Заң) аясында 01.07.2020 жылдан бастап жәбірленушілерге өтемақы төлеу рәсімі басталды.

Заңның 6-бабына сәйкес, өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілердің тізімі көрсетілген.

Атап айтқанда, өтемақы сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азап таулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдарға, денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммунтапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдарға, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдарға тағайындалады.

Сондай-ақ, Заңның 8-бабының 1,3-бөліктеріне сәйкес, адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға өзіне өтемақы тағайындау туралы өтініш жасауға құқылы.

Өтініш берудің ескіру мерзімі адам жәбірленуші деп танылған күннен бастап үш жылды құрайды.

Бұл заң талаптарын халық назарына түсіндірмеретін де жеткіземіз.

Қарғалы ауданының прокуратурасы

Дата публикации
17 мая 2022