Жоба
Қарғалы ауданының Степной ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 18 мамырдағы
№1 «Степной ауылдық округінің көшелерін атау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулуар енгізу туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №542/360 «Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5968 тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешімі негізінде, Қарғалы ауданының Степной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
қазақ тілінде көрсетілген шешімнің деректемелерінде:
«Қарғалы ауданы Степной ауылдық округі әкімінің» сөздері «Қарғалы ауданының Степной ауылдық округі әкімінің» сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
Степной ауылдық округінің Мамыт және Первомай ауылдары таратылуына байланысты Степной ауылының ауылының құрамына келесі көшелері атаулары қосылсын:
Первомай ауылы:
Қазақстан;
Мамыт ауылы:
Орталық;
Достық;
Шахтерлар.
Лауазымы Аты-жөні