Электрондық түрдегі мемлекеттік қызметтер

Электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтер азаматтардың оларды алуын жеңілдетеді. Сондықтан Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру Министрлік жұмысының басым бағыты болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін Қазақстанда «Электрондық үкімет»  құрылды. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге деген көзқарасты түбегейлі өзгерткен бірыңғай ақпараттық жүйе: олардың көпшілігін онлайн алу мүмкін болды, талап етілетін құжаттар тізбесі мен мемлекеттік қызметтерді алу мерзімдері қысқарды.

Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу қолайлылығы үшін Мобильдік технологияларды пайдалану қағидаттық маңызы болып табылады. Ол үшін eGov mobile жаңа мобильді қосымшасы іске қосылды, Telegram мессенджерінде және танымал әлеуметтік желілерде боттар белсенді пайдаланылады. Осылайша, қазір ең көп сұранысқа ие қызметтер осы мобильді қосымшалар арқылы ұсынылады.

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді онлайн режимінде, электрондық қызметтер порталы арқылы egov.kz, MGov мобильді қосымшасы мен Телеграм-бот та, және ХҚКО бөлімшелерінің біріне хабарласып оффлайн режимде де ала алады. "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕ АҚ Ақтөбе облысы филиалының Қарғалы аудандық бөліміне көші-қон және салық салу мәселелері бойынша хабарласуыңызға болады.

Мемлекеттік қызметтер тізілімімен Қарғалы ауданы әкімдігінің сайтында танысуға болады.

Дата публикации
14 декабря 2021