Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 229/НҚ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығымен бекітілген Тізілімге сәйкес Қарғалы ауданының атқарушы органдарымен 2021 жылы 63 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 5321 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде электрондық нысанда 5147, ХҚКО арқылы - 91, қағаз нысанда 260 қызмет көрсетілді. Электрондық түрде көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санынан 96,6% - ын құрайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі Төрағасымен 2021 жылғы 10 қыркүйекте бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелеріжөніндегі іс-шаралар жоспары» негізінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ауданда 3 онлайн жәрмеңке ұйымдастырылды. Онлайн жәрмеңке барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі бойынша түсініктемелер беріліп, барлық түскен сұрақтарға аудандық бөлімдердің мамандары тиісті жауаптар берді.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ауданның жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни аудан әкімдігінің сайтында және аудандық Қарғалы газеті беттерінде 13 мақала жарияланды және «Электронды үкімет» порталы арқылы баламалы түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру мақсатына арналған 9 баннер орнатылды.