
Қарғалы ауданы бойынша қазіргі таңда, халықтың осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорына 32 баспана сатып алу үшін Ұлттық қор, облигация қаражаты және облыстық бюджет қаражаты есебінен 609,5 млн.теңге бөлінді.
Үйлерді сатып алу ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында жүргізіледі.
Бүгінгі күнге, ауданымызда күн өткен сайын стационарда емделушілердің саны артуына байланысты, аудандық қолданыстағы емханаға қосымша 4 қабатты нысан құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба құны – 1,0 млрд теңге. Барлық мед.құрал жабдықтарымен қамтылады.
Бадамша ауылындағы 3 көше бойынша сыртқы су бұру жүйесін қайта жаңарту» (Әбілхайыр хан, Әйтеке би, Пацаев көшелері). Нысанға биыл 456,1 млн теңге қаражат бөлінді.
Су бұру жүйесінің жалпы ұзындығы - 6,727 км. Мердігер компания «Регион-Сервис-Ақтөбе» ЖШС және Техникалық қадағалаушы «СамТех» ЖШС. Қазіргі уақытта Әбілқайыр хан көшесі 400 метрге және Әйтеке би көшесіне 500 метрге блок тасты орналастыру, жер қазу және трубаларды ауыстыру сонымен қатар қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ағымдағы жылы Қарғалы ауданы бойынша жарықтандыру мәселесі де шетте қалған жоқ.
Атап айтатын болсақ, Петропавловка ауылында жалпы ұзындығы 3 км құрайтын 4 көшеге жарықтандыру құрылысы жүргізілді, келісім шарт құны – 50,7 млн.тг., Жосалы ауылында жалпы ұзындығы 1,6 км құрайтын 2 көшеге келісім шарт құны – 28,2 млн.тг. екі ауылдың жарықтандырумен айналысқан мердігер мекеме «Еркен и К» ЖШС және «Бадамша ауылындағы жарықтандыру» келісім шарт құны – 44,8 млн. тг., ұзындығы: 6 км.жарықтандыру құрылысы жүргізілді.
Сонымен қатар, Ащылысай ауылында 3 көшеге жарықтандыру құрылысы жүргізілді, келісім шарт құны – 110,6 млн.тг., мердігер мекеме «ИНТЕР ЭЛЕКТРО КОМПЛЕКТ» ЖШС.
Жоғарыда көрсетілген жарықтандыру құрылысы жұмыстары толықтай аяқталды.
Жоспарымызда, 2026 жылы Петропавл ауылының Қарғалы, Абай және Мұқанов көшелерін жарықтандыру» Жоба құны - 134 млн. тг, «Ш.Қалдаяқов ауылының 8 көшесін жарықтандыру» Жоба құны: 67 млн. тг.