Мәдениет саласы
Мәдениет үйі және оған қарасты мәдени нысандар елдің рухани өмірін жандандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарды.
9 ай ішінде жалпы 692 мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, 41520 көрермен қамтылды.
Қазіргі таңда мәдениет үйіне қарасты 8 ауылдық клуб пен «Қазақ саңыраулар қоғамы» клубы тұрақты түрде жұмыс жасап, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосуда. Барлығы 71 қызметкер жұмыс жасайды. Аудандық мәдениет үйінде 7 халықтық және 1 үлгілі ұжымдар жұмыс жасайды. Оның ішінде: “Ақпейіл”, “Славяночка”, “Froude” халықтық вокалдық топтары, “Ұшқын” халықтық жастар театры, “Нұр-ай”, “Наз” халықтық би ансамбльдері, “Сарыарқа” халықтық домбырашылар және “Өркен” үлгілі домбырашылар ансамблі.
Сонымен қатар, мәдениет нысандарының жұмыс сапасын арттыру мақсатында 9 140 500 тг материалдық-техникалық база жаңартылып, қажетті құрал-жабдықтар мен техника алынды. Бұл өз кезегінде шығармашылық ұжымдардың жұмыс тиімділігін арттырып, іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік берді.
Жасалған жұмыстар төмендегідей бағыттарда жүзеге асырылды:
- Сахналық киімдер – жалпы құны 3 550 000 теңгеге аудандық мәдениет үйінің «Кербез» халықтық би ансамблі және «Бірлігіміз жарасқан» мәдени бірлестігінің қатысушыларына жаңа сахналық костюмдер тіктірілді. Бұл ұжымның біркелкі имиджін қалыптастырып, сахналық көріністердің эстетикалық деңгейін арттырды.
- Жалюзи – 1 113 000 теңгеге аудандық мәдениет үйіне қарасты Петропавл, Степной ауылдық клубтарына, занавес (сахналық перде) – 1 525 000 теңгеге Ащылысай ауылдық клубына орнатылды. Бұл ғимараттың ішкі жайлылығын жақсартуға мүмкіндік береді.
- Аудандық мәдениет үйіне акустикалық жүйе, музыкалық аппаратураға арналған басқару пульті және күшейткіш, бау жинағы – 2 127 900 теңгеге сатып алынды. Бұл құралдар концерттік іс-шаралардың сапалы өткізілуін қамтамасыз етеді.
- Микрофон – 99 000 теңгеге сатып алынып, аудандық мәдениет үйінің базасына берілді. Заманауи микрофондар сахналық дыбыс сапасын айтарлықтай жақсартты.
- Рәміздер бойынша стенд – 219 000 теңгеге алынып, аудандық мәдениет үйіне орналастырылды. Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу мақсатында безендірілген ақпараттық бұрыш ретінде қызмет етеді.
- Флаг (2 дана) – 146 200 теңгеге алынып, ауылдық клубтар мен мәдениет үйлеріне берілді. Бұл — ресми іс-шаралар мен мерекелік жиындарды безендіруде қолданылатын мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында алынды.
- LADA – 21214 автокөлігі – 360 400 теңге көлемінде жөндеу мен қызмет көрсетуге жұмсалды. Көлік мәдениет үйінің қызметтік қажеттілігі үшін пайдаланылуда.
- 2 және 3 бөлмелі пәтер – мәдениет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында берілді. Шығармашылық қызметкерлерге қолайлы тұрмыстық жағдай жасап, олардың еңбекке деген ынтасын арттыруға бағытталған маңызды қолдау шарасы болып табылады.