Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жер қатынастары

Қарғалы ауданының жалпы жер көлемі 499 846 га құрап отыр. Оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 331 297 га (оның ішінде егістіктер 153 755 га, шабындық 3 429 га, жайылымдар 159 646 га), елді мекен жерлері 85 305 га, өнеркәсіп, көлік және байланыс мақсатындағы жерлер – 5 067 га, орман қорының жерлері – 5 381 га, су қорының жерлері – 2980 га. Сонымен қатар, Қарғалы ауданы бойынша 2026 жылға ауданның босалқы жер қоры 69 816 га құрайды.

  Қарғалы ауданы бойынша 226 жер пайдаланушы бар, оның ішінде 27 заңды тұлға, 199  шаруа қожалық. Жер қатынастары бөлімінде тіркелген суармалы жерлері бар 1 ш/қ (көлемі 366 га), 8 ЖШС (көлемі 3483 га) және 1 АШӨК (көлемі 100 га).

 

Мақсатқа сай пайдаланылмаған, ұтымсыз пайдаланылған ауылшаруашылық жер учаскелері туралы ақпарат:

2024 жылы Қарғалы ауданында мақсатына сай пайдаланылмайтын  32796,22 га құрайтын 21 жер учаскесі аудандық босалқы жер қорына қайтарылды. 2025 жылы мақсатына сай пайдаланылмаған жалпы көлемі 5428,8 га 10 жер учаскесі қайтарылды. 2026 жылдан бастап бүгінгі күнге мақсатына сай пайдаланылмаған жалпы көлемі 346,7 га 2 жер учаскесі қайтарылды. Сонымен қатар, Қарғалы ауданы тіркелген барлық шаруа қожалықтарды талдау жұмыстары арқылы анықталған мал бастары жер көлемдерінен жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының елу пайызынан аз болған 2024 жылы анықталған 19 шаруа қожалық, жер көлемі 26 635 га (оныің ішінде жайылым – 23 980 га, егістік -2 654), 2025 жылы анықталған 51 шаруа қожалық, жер көлемі 43 407 га (35 317 жайылым, 8090 егістік),  2026 жылы анықталған 36 шаруа қожалық, жер көлемі 53 842 га (оның ішінде жайылым 49 281 га, егістік 4 561 га) Ақтөбе облысы бойынша Жер ресурстарын басқару Департаментіне Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің №92, 94 баптары және Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  338 бабы негізінде шара алу үшін жолданды.

Бүгінгі күнге, 2026 жылына Қарғалы ауданына 3000 га көлемінде жер учаскелерін мемлекет қорына қайтару жоспар берілді, жоспар орындау мақсатында 926 га мемлекет қорына қайтарылды.

Ауылшаруашылығы мақсаты бойынша  конкурс туралы ақпарат:

2024 жылы Қарғалы ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығына Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес, конкурстық тәртіппен ауыл шаруашылық мақсатында жалпы көлемі 7 415 га құрайтын 25 участок жер телімдері табысталды. 2025 жылы конкурстық тәртіппен ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерден жоспар бойынша 13 жер учаскесі жарияланды, жер көлемі 18 674.8 га, ауылшаруашылық конкурс өткізілген күні – 3 сәуір, жеңімпаздары анықталған 6 уч., көлемі 7 622,3 га. Қайталама ауылшаруашылық конкурс өткізілген күні 27 мамыр (жеңімпаздары анықталған – 7 уч., көлемі 11 052,5 га). 2026 жылы конкурстық тәртіппен ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерден жоспар бойынша 32 жер учаскесі жарияланды, жер көлемі 8017,438 га, ауылшаруашылық конкурс өткізілген күні – 30 шілде, жеңімпаздары анықталған 32 участок жер телімдері табысталды.

 

Жер учаскелерін сауда саттық (аукцион) арқылы жалға алу құқығын сату жөніндегі туралы ақпарат:

          Кәсіпкерлік мақсатында жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша 2024 жылы 3 аукцион өткізілді, аукционға 3 жер учаскесі ұсынылды, жер көлемі 12,3 га, жер телімдерінің сату-сатып алу бағасы 2 589 116 теңге құрайды. 2025 жылы аукцион өткізгілгенжоқ, 2026 жылы 2 жер учаскесін сауда-саттығын өткізілді, жер көлемі 9,1 га,  жер телімдерінің сату-сатып алу бағасы 5 501 780 теңге. 

 

Жеке тұрғын үй құрылысы туралы ақпарат:

Қарғалы ауданы бойынша жеке тұрғын үйге арналған жер кезегінде 1 458 тұрғын кезекте тұр. Оның ішінде: Ш.Қалдаяқова ауылының кезек саны 444, Петропавловка ауылында кезек саны 1014. 2025 жылы жер учаскелері табысталуы бойынша: жеке тұрғын үй құрылысына көлемі 7 775 шаршы метр құрайтын 9 жер учаскесі табысталды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы