
Нұрлымұратов Сұңғат Нұрлымұратұлы 1996 жылдың 16 маусымында Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қотыртас станциясында дүниеге келді.
2016 жылғы 24 қазаннан 2017 жылғы 25 қазанға дейін Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылындағы №99116 әскери бөлімінде әскери қызметін атқарды.
-2003–2014 жылдары Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қотыртас станциясындағы Ақтоғай орта мектебінде оқыды.
-2014–2016 жылдары Ақтөбе қаласындағы көпсалалы «Болашақ» колледжінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып, «Заңгер» біліктілігін алды.
-2019–2022 жылдары Ақтөбе өңірлік Қ. Жұбанов атындағы университетте «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуын тәмамдады.
Еңбек жолын 2017 жылғы 7 қарашадан басталды, сол кезде мен Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қотыртас станциясындағы «Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-да жастар тәжірибесінен бастаған.
-06.10.2018 – 23.06.2019 жж. «Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-да қоғамдық жұмыстарда қызмет жасаған.
-24.06.2019 – 30.09.2019 жж. «Велихов ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-да жетекші маман міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
-01.10.2019 – 15.11.2020 жж. «Велихов ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-да жетекші маман болып қызмет атқарған.
-16.11.2020 – 04.01.2021 жж. «Қарғалы ауданы әкімі аппараты» ММ-да ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.
-15.01.2021 – 30.09.2021 жж. «Велихов ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-да бас маман болып қызмет атқарған.
-11.10.2021 – 03.01.2024 жж. «Қарғалы ауданы әкімі аппараты» ММ-да қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы қызмет атқарған.
-03.01.2024 – 27.02.2026 жж. «Қарғалы ауданы әкімі аппараты» ММ-да қаржы-шаруашылық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарған.
-02.03.2026 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Велихов ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-да қызмет етуде.