Меню

Страницы

Статья

Ақтөбелік оқушы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған интернет алаяқтықтың алдын алу тақырыбындағы республикалық бейнебайқауда бірінші орын иеленді

Ақтөбелік оқушы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған интернет алаяқтықтың алдын алу тақырыбындағы республикалық бейнебайқауда бірінші орын иеленді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында цифрлық сауаттылықты арттыруға, балалар мен ата-аналарға интернетте қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды байқау өткізді. Қатысушыларға интернет алаяқтарынан қорғану тақырыбын ашатын, онлайн кеңістікте сақтық пен зейіннің маңызын көрсететін бейнеролик дайындау ұсынылды.
Елдің түкпір-түкпірінен келген ондаған қатысушылардың ішінде №61 орта мектептің 2-сынып оқушысы — Мерейлім Беркіннің жұмысы үздік деп танылды. Жас қатысушы ата-анасымен бірге заманауи киберқауіптер туралы және олардан қорғанудың тиімді жолдары жөнінде қарапайым әрі түсінікті түрде жеткізіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алды.
Облыстық Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов Мерейлімді жеңісімен жеке құттықтап, ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атынан оған мақтау қағазы мен бағалы сыйлық табыстады. Ол мұндай бастамалар балалардың ерте жастан цифрлық технологияны қауіпсіз пайдалануды үйренуіне үлкен ықпал ететінін атап өтті.
«Бұл жеңістің артында — ата-анасының қолдауы, сынып жетекшісінің еңбегі және мектеп директорына деген сенім жатыр. Байқаудың басты мақсаты — балалар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет алаяқтарынан сақтану жолдарын үйрету», — деді өңірлік полиция басшысы.
Мерейлімнің жеңісі оның жеке жетістігі ғана емес, қоғамның киберқауіпсіздік мәселелеріне назар аударудың маңызын көрсететін жарқын үлгі болды. Полицейлер мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасып, өскелең ұрпақтың интернеттегі жауапты әрі қауіпсіз жүріс-тұрысын қалыптастыруға ықпал етеді деген сенім білдірді.

Дата публикации
02 декабря 2025
Дата обновления
02 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?
Ақпарат
28 сентября 2026
«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы