
2023 жылдың 20 наурыз күні Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватында "Қош келдің ӘЗ-НАУРЫЗ!" атты мерекелік шарасы өткізілді. Айтулы шараға аудан әкімі Н.Қызбергенов, қаржы бөлімінің басшысы К.Қосаяқов және мекеме ардагерлері келіп баталарын беріп, наурыз көжеден дәм татып, резерват ауласына ағаш көшеттерін отырғызды. Мерекелік шарада ән айтылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.