Телеграмм-бот қызметі туралы

Телеграмм-бот қызметі туралы

Бүгінгі күні EgovKzBot2.0 (https://t.me/Kenes1414Bot) электрондық үкімет порталының боты арқылы келесі қызметтерді алуға болады:
- шекаралас аумақтың қоныстануында тұрақты тұрғылықты жерінде тіркеуді растайтын ақпаратты ұсыну;
-Әлеуметтік мәртебені тексеру;
-Халыққа қызмет көрсету орталығында кезек күту;
- ең жақын халыққа қызмет көрсету орталығы;
-Ақпараттық сілтемелер
-Зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат (инвестициялық кірісті ескере отырып);
-Дебиторлар тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын тексеру;
-Әкімшілік айыппұлдардың болуын тексеру;
-Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің болуын іздеу;
-Көлік құралдары кепілінің бар-жоғын іздеу;

Ботпен жұмысты бастау үшін сізге:
EGov.kz сайтында тіркеліп, телефон нөміріңізді портал профилімен байланыстырыңыз
Телефонды тіркеу және байланыстыру қатаң түрде ЭСҚ қолдану арқылы жүзеге асырылады, ал егер сізде жоқ болса, онда ЭСҚ алу тәртібі туралы ақпаратты «Порталда бірінші рет» бөлімінен оқыңыз.