2022 жылғы 3 ақпан күні Дүниежүзілік сайлау күніне орай жас және болашақ сайлаушылар апталығын өткізу мақсатында, Ырғыз аумақтық сайлау комиссиясымен «Дөңгелек үстел» барысында жас мамандармен кездесу өткізілді. Олардың сайлау құқығы мен процесі туралы қойылған сұрақтарына кеңес берілді. Сонымен қатар аталған шараға саяси партиялармен БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында күн тәртібіндегі мәселе жанжақты талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушыларға сайлаушылардың құқығы мен міндеттері туралы түсінік берілді. Кездесу барысында жас мамандар тарапынан қызығушылықтар танытылды.