Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау саласында

Қазіргі таңда, аудан бойынша тәулігіне 300 адам қабылдайтын емхана, 49 төсек орынды аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 12 медициналық пункттер, сонымен қатар 35 төсек орынды күндізгі стационар тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.

Аталған медициналық мекемелерде 39 дәрігер, 133 мейірбике жұмыс жасайды. Сонымен бірге, 9 жалпы тәжірибелік дәрігерлік және 2 педиатриялық аймақ жұмыс жасайды.

2008 жылдан күрделі ауруларға облыс орталығындағы дәрігер мамандардан кеңес алу үшін пайдаланылатын телемедицина орталығы жұмыс істейді.

Аурухана заман талабына сай жұмыс жасауы үшін – ИВЛ-тыныстану аппараты, 2-рентген аппараты, дезкамера, дифибрилятор, керует жанындағы монитор, УЗИ аппаратымен жабдықталған.

2006-2007 жылдары Қарақұдық, Жаңақұрлыс, Аманкөл медициналық пункттері жаңа ғимараттарға көшіріліп, керекті медициналық жабдықтармен  қамтамасыз етілді. 

2009 жылы Жайсаңбай, 2012 жылы Ұзынкөл (Ақши ауылы), 2014 жылы Шеңбертал медициналық пункттері және 2016 жылы Тельман (Аманкөл ауылы), Тепсен (Жаныс би ауылы) медициналық пункттері салынып пайдалануға берілді.

Аумақтық дәрігерлік амбулаториялардың (Аманкөл, Қызылжар, Нұра,  Құмтоғай, Тәуіп) барлығы жедел жәрдем автокөліктермен қамтамасыз етілген.

Дата публикации
20 ноября 2020
Дата обновления
20 ноября 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы