Ырғыз ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру «Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ырғыз аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы жүргізіледі.
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №311 Қаулысы негізінде «Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ырғыз аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Орталықтың мақсаты – жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік шығармашылығын және дене күш-қуатының әлеуетін дамыту, отансүйгіштікті қалыптастыру, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.