Меню

Страницы

Статья

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясындағы нысаналы жинақталған төлемі 67,8 млн АҚШ долларына жетті

2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 тамызға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 67,8 млн АҚШ долларына 338 252 алушыға төлем жасалды. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 142 855 азамат жалпы сомасы 36,53 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы жинақтарын алды. Оның ішінде 101 472 қазақстандыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 25,76 млн АҚШ доллары, ал 41 383 қазақстандыққа білім алуға ақы төлеу үшін 10,77 млн АҚШ доллары аударылды. Барлық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.
Дата публикации
26 августа 2026
Дата обновления
26 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы