Меню

Страницы

Статья

Адам зейнетақы табысының лайықтылығын өз бетінше қалай арттыра алады?

Зейнетақы табысының лайықтылығын келесі амалдармен арттыруға болады:

  • міндетті және қосымша ерікті жарналарды тұрақты аудару арқылы;
  • неғұрлым белсенді және ықтимал табысты инвестициялау үшін зейнетақы қаражатын жеке инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беру арқылы.

Сондай-ақ тұрақты міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының болашақта зейнетақы төлемдерінің сомасына оң әсер етуімен қатар, жалпы еңбек өтіліне байланысты мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы мөлшеріне ықпалы бар. 1998 жылдан бастап еңбек өтілі тек нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналарымен расталады. Қазір базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (КД) 70%-ын (жалпы еңбек өтілі 0-ден 10 жылға дейін), ал ең жоғарғысы 110%-ын (30 және одан да көп жыл өтілі бар) құрайды. 2027 жылға дейін ең жоғары базалық зейнетақы КД-ның 120%-на дейін ұлғайтылатын болады.

Осы шаралардың барлығы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, зейнеткерлік жаста тұтынудың, бос уақыттың және өмір сапасының әдеттегі деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.

Дата публикации
28 ноября 2025
Дата обновления
28 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы