Төменде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сіздің зейнетақы
жинақтарыңыз туралы ақпарат сіздің келісіміңізсіз ешкімге берілмейді.
ҚР Әлеуметтік Кодексінің 55-бабына сәйкес, сіздің жеке зейнетақы
шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыз туралы ақпаратты төменде аталғандар
ала алады:
🔹Сіз өзіңіз — салымшы немесе зейнетақы төлемдерін алушы ретінде.
🔹Сенім білдірілген тұлға —сенім білдірілген адамдарыңыз сіздің
жинақтарыңыз туралы ақпаратты нотариалды куәландырылған сенімхат
негізінде ала алады.
🔹Мемлекеттік органдар — мысалы, сотқа дейінгі тергеу органдары,
соттар немесе прокурорлар, бірақ тек өз өкілеттіктері шеңберінде
және қылмыстық істер немесе тергеулер жағдайында.
🔹Қаржылық бақылау және аудит органдары — зейнетақы қорының қызметін
тексеру үшін немесе салымшының/алушының сұрауы бойынша.
🔹Мұрагерлер — салымшы/алушы қайтыс болған жағдайда, мұрагерлікке
құқық туралы куәліктің негізінде ақпарат ала алады.
🔹Нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелер — олардың іс
жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша сұрау салу арқылы
ақпарат ала алады.