Зейнетақы шотынан алынатын үзінді көшірме сіздің жинақтарыңыз
туралы толық ақпаратты қамтиды:
🔹Сұратылған кезеңнің басындағы және соңындағы жинақтарыңыздың
сомасы, бұл сіздің зейнетақы капиталыңыздың қалай көбейгендігін
көрсетеді.
🔹Кезеңнің басында және соңында есептелген инвестициялық кіріс,
яғни инвестициялау нәтижесінде қанша ақшаның түскенін көресіз.
🔹Зейнетақы жарналарының барлық түрлері туралы мәлімет,
жүргізілген операциялардың күнімен қоса көрсетіледі.
🔹Сіздің шотыңыздағы күні көрсетілген барлық аударымдар
туралы ақпарат.
🔹Тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге біржолғы зейнетақы
(БЖТ) жүзеге асыру үшін қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары
(МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы.
🔹Инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға
беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы.