Сіздерді онлайн-форматта өтетін жинақтаушы зейнетақы жүйесі
туралы жыл сайынғы мастер-класқа шақырамыз.
🗓 Күні:
7 қараша – орыс тілінде
8 қараша – қазақ тілінде
⏰ Уақыты: 10:00 - 12:30
Бағдарламада:
🔹 Әлемдегі зейнетақы жүйелері: Әлемдегі әр түрлі зейнетақы
жүйелері және олардың демографиялық өзгерістермен байланысымен
танысыңыз.
🔹 Инвестициялар: Зейнетақы жинақтары қалай және қайда
инвестицияланатынын біліңіз.
🔹 Сенімгерлік басқару: Басқарушы компаниялар туралы ақпаратты
табуға және талдауға үйреніңіз.
🔹 Зейнетақыны жоспарлау: Болашақта алатын зейнетақы мөлшерін
есептеу құпияларына көз жеткізіңіз.
🔹 Төлемдер және олардың тетіктері: Зейнетақы жинақтарын қалай
алуға болатынын түсініп алыңыз.
🔹 Мақала жазу: Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты
ақпарат дайындауды үйреніңіз.
Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет!
Аты-жөніңіз, БАҚ немесе оқу орнының атауы, қатысу күні және
байланыс деректері көрсетілген өтінімді press@enpf.kz поштасына
жіберіңіз.
Шақыру сілтемесі іс-шараға бір күн қалғанда жіберіледі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы біліміңізді тереңдету
мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!