Меню

Страницы

Статья

Алаяқтық жүзеге асуда!

 📞 Соңғы уақытта алаяқтардың БЖЗҚ қызметкерлері кейіпінде азаматтарға қоңырау шалып, 
алаңдатарлық жаңалықтарды хабарлау жағдайлары жиілеп кетті. Мысалы, олар азаматтың
жарналарды төлемейтіндігі анықталғанан кейін оның шотының бұғатталатындығына сендіріп
бағады. Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін "жеке қызмет көрсетуге кезекті
онлайн түрінде брондауды" ұсынады. ❓ Бұл қалай іске асады? 📲 Қоңырау шалу кезінде
алаяқтар кезекке онлайн тапсырыс беруді ұсынады және 1414 нөмірінен жәбірленушінің
телефонына код жібергенін хабарлайды. Содан кейін олар брондау үрдісін аяқтау үшін
осы кодты айтуды сұрайды. ⚠ Жәбірленуші осы кодты айтқаннан кейін оның банктік
шоттарындағы ақшасы жоғалып кетуі мүмкін! 🔍 Білу маңызды: БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға
қоңырау соқпайды! Сондықтан бөгде адамдарға ешқандай кодты хабарламаңыз және бейтаныс
сілтемелерге өтпей сақ болыңыз. 🛡 Өзіңізді қалай қорғай аласыз? ❌ Ешқашан кодтар мен
құпия сөздерді айтпаңыз. ✔ Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз. 📞 Егер күдікті
біреу БЖЗҚ атынан мазаласа, байланысты дереу үзіп, Қормен тікелей хабарласыңыз!
📢 Жақындарыңыз хабардар және қауіпсіз болуы үшін осы ақпаратпен бөлісіңіз!
Дата публикации
16 октября 2024
Дата обновления
16 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы