Меню

Страницы

Статья

Нашақорлыққа жол жоқ!

Бүгінгі таңда, Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес Республика көлемінде «Нашақорлыққа жол жоқ!» жобасы ұйымдастырылуда.
Осыған орай, аудан прокуратурасы жастардың санасын улайтын есірткі заттарының таралуына жол бермеу мақсатында және өскелең ұрпақ бұл дерттің құрбанына айналып, соңы қайғылы жағдайға ұласудың алдын алу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қазіргі уақытта аудан көлемінде «Нашақорлыққа жол жоқ!» пилоттық жобасын іске асыруда.
Жобаның басты мақсаты – нашақорлықтың санын азайту, есірткі заттарын қолдануға тиым салу.
Сонымен қатар, өскелең
ұрпақтың дені сау, салауатты болуын қамтамасыз ету.
салауат
Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін тәжірибеден көріп, біліп жүрміз. Өкініштісі, нашаға әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етуде.
Есірткі заттарын әуелі қызығушылық үшін қолданатындар көп. Бұған әлеуметтік желілердегі ақпараттың ашықтығы мен еліктеушіліктің ықпалы орасан зор.
Алайда, олар бұл қызығушылықтың салдарын ойлай бермейді. Шындығында есірткіні үнемі, тұрақты түрде қолдану көп қаражатты қажет етеді. Қолында қаражаты жоқтардың алдымен өз отбасындағы жарамды, құнды заттарды саудалап, кейіннен қылмысқа баруы жиі кездеседі.Яғни, бір қылмыс екінші қылмысты тудырады. Осылай есірткі адам өміріне кері әсер етіп, отбасынан, қоғамнан алыстатып, соңы қылмысқа алып барады.
Ескерте кететін жәйт, осы бойынша Қазақсан Республикасының Қылмыстық кодесіне сәйкес есірткі қолдану, пайдалану, сату, тасымалдау үшін жауаптылық көзделгенін ескертеміз.
Осы мақсатта аудан аумағында бірқатар аймақтар тексеріліп, нашақорлықты жарнамалау фактілерін алдын алу шаралары жүргізіліп,ауқымды жұмыс атқарылуда.
Егер нашақорлықты, есірткіні насихаттау немесе жарнамалау фактілерін көрсеңіздер 102-ге хабарласуларыңызды сұраймыз.
Сондықтан әрбір ата-ана бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, отбасындағы тәрбие құндылығын арттыру арқылы ұрпағына зиянды әрекеттер туралы кеңінен ақпарат беріп, саламатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіріп отырғаны абзал.

Ырғыз аудандық прокуратурасы

Дата публикации
02 октября 2024
Дата обновления
02 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы